Бразилия Хорватиядан басым түсті

Бразилия Хорватиядан басым түсті

Бразилия мен Хорватия құрамалары әлем чемпионатына дайындық аясында жолдастық кездесу өткізді.

Кездесу Ливерпульдегі «Энфилд» стадионында өтіп, оңтүстік америкалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч есебін 69-минутта Неймар ашты. Ойын соңына таман Роберто Фирмино есепті еселеді.

Айта кетейік, Бразилия әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швейцария, Сербия және Коста-Рикамен кездеседі. Ал хорватиялық құрама Аргентина, Исландия және Нигериямен бір топта ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или