МЮ Бэйлді 85 млн фунтқа сатып алуы мүмкін
«Манчестер Юнайтед» мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Гарет Бэйл үшін 85 миллион фунт беруге дайын.
The Times ақпаратына сүйенсек, «Реал» президенті Флорентино Перес командағы өзгеріс керек деп есептейді. Сондықтан, құрамды жасартуды ойлап отыр. Алдағы трансфер уақытында ол шабуылдағы негізгі үш ойыншының бірін сатпақ: Карим Бензема, Гарет Бэйл немесе Криштиану Роналдуды.
Бэйл мен «Реал» арасындағы еңбек келісімі 2022 жылға дейін жарамды. МЮ-дің басшылығы уэльстік футболшының өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бэйлдің ағылшын клубындағы жалақысы аптасына 500 мың фунт болады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или