Қазақстан мен Әзірбайжан кездесуіне арналған кезекті акцияға қос Еркебұлан қатысты
Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының жолдастық кездесуі қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы елорданың бірқатар сауда ойын-сауық орталықтарында жанкүйерлерге арналған промоакциялар ұйымдастырды.
Бүгін алғашқы шара «Еуразия 3» сауда орталығында өтіп, қала тұрғындары Ұлттық құраманың ойыншылары Еркебұлан Тұңғышбаев және Еркебұлан Сейдахметпен кездесті.
Жексенбілік таңда жүргізушілер жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлап, ең белсенді қатысушыларға ұлттық құраманың арнайы сыйлықтарын таратты. Жанкүйерлер футболшылармен суретке түсіп, қолтаңба алды.
Сонымен қатар, акцияға Астана қаласының «Үміт» дағдарыс орталығының балалары шақырылды. Ұйымдастырушылар балаларға да арнайы сыйлықтарын үлестірді.
Ұлттық құраманың ойыншыларының қатысуымен өтетін келесі шара «Keruen City» сауда орталығында өтеді. Басталуы - 14:30. Промоакцияның қонағы Дмитрий Шомко болмақ.