Роналду қанша жалақы алғысы келетінін айтты
"Реал" клубы шабуылшы Криштиану Роналдудың шартын қабылдаса ол клубта қалуы мүмкін.
<span> Форвард жаңа келісімшарт жасасқысы келеді, ол бойынша ойыншы жылына 80 миллион евро алуы тиіс. Салықты есептегенде португалиялық ойыншының жалақысы 12 айда шамамен 50 миллион болады. </span>
<span>Осылайша, Роналду Месси мен Неймардан жоғары еңбекақы алғысы келіп отыр. Егер "Реал" Криштианудың шартын қабыл алса, португалиялық ойыншы әлемдегі ең көп ақы төленетін футболшы болады. </span>
<span>Мессидің жалақысы салықты алып тастағанда - 42 миллион евро, ал Неймардыкі - 36,8 миллион.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или