«Астананың» жаңа бапкерінің табысы - айына 20 миллион теңге
«Астана» футбол клубының жаңа жаттықтырушысы айына 20 миллион теңге табыс алатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz

Латвиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» және әзірбайжандық «Габала» ұжымдарында қызмет атқарған украиналық маман Роман Григорчук 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған болатын.
Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте балқан түбегі елінің Кубогында жеңіске жеткен. Және де Әзірбайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Әзірбайжанның соңғы маусымында Григорчук айына 17 мың еуро (6,5 млн. теңге) алған.

Айта кетейік, астаналық клубтың бұрынғы жаттықтырушысы Станимир Стоилов айына 32 миллион теңге көлемінде табыс тапты.