Исламхан мен Сейдахмет жанкүйерлермен кездесті. Фото

Исламхан мен Сейдахмет жанкүйерлермен кездесті. Фото

Бүгін елордадағы «Mega SilkWay» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан және Еркебұлан Сейдахметтің қатысуымен промоакция өтті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Шараның бағдарламасын сауда орталығының қонақтарына арналған викториналық сұрақтармен басталды. Жиналған жұрт футбол тақырыбында сауалдарға жауап беріп, әртүрлі байқауларға қатысты. Жүргізушілер жанкүйерлердің көңіл-күйін көтеріп, сыйлықтар табыс етті. Фристайл шеберлері мен бишілердің өнері де жиналғандарды тәнті етті.

Акцияның ең басты бөлігі Ұлттық құраманың ойыншылары Бауыржан Исламхан және Еркебұлан Сейдахметтің қатысуымен автограф-сессия болды.

Келесі промоакция бүгін 14:30-да «Asia Park» сауда орталығында өтеді. Жанкүйерлерді Қазақстан құрамасының ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет және Ненад Эричпен кездесуге шақырамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или