«Шахтердің» шабуылшысы: Әзірбайжан Қазақстаннан мықтырақ

«Шахтердің» шабуылшысы: Әзірбайжан Қазақстаннан мықтырақ

Қарағандылық «Шахтердің» хорватиялық шабуылшысы, бұрын әзірбайжандық «Габалада» ойнаған Даниэль Суботич алдағы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жолдастық матч жайлы ойын айтты.

«Әзірбайжан құрамасы Қазақстаннан мықтырақ деп ойлаймын. Техникалық және тактикалық тұрғыда солай. Бірақ физика жағынан Қазақстан құрамасы мықты. Бұл кездесуде Қазақстанға осы негізгі басымдық болуы мүмкін. Қалғаны бойынша әзірбайжандық құрама мықтырақ. Меніңше, Әзірбайжан жеңіске жетеді», - деді Суботич Azerisport.com-ға берген сұқбатында.

Айта кетейік, Қазақстан – Әзірбайжан матчы 5 маусымда Астанада өтеді. Басталуы – 20:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или