Марадона: Мессиге ештеңе дәлелдеп қажет емес

Марадона: Мессиге ештеңе дәлелдеп қажет емес

Даңқты аргениналық ойыншы Диего Марадона отандасы Лионель Месси Ресейде өтетін Әлем чемпионатында ешкімге ештеңе дәлелдеп қажет емес деп санайды.

«Мен Мессиге футболдан ләззат алуға кеңес беремін. Ол ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Сампаолиді білмейді екем. Алайда мен Аргентина құрамасына шақырылған ойыншыларды жақсы танимын. Оларда жеңіске жетуге жақсы мүмкіндік бар. Мен Аргентина құрамасын фавориттер қатарына қоспаймын. Себебі, фавориттер ешқашан чемпион атанбайды», - дейді Марадона.

Естеріңізге салсақ, Ресей жеріндегі Әлем чемпионаты 14-ші маусымда басталады.

Аргентина құрамасымен бір топта Нигерия, Хорватия және Исландия елдері бар.

2014-ші жылы Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатында Аргентина құрамасы финалға дейін жетіп финалда Германиядан жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или