Григорий Бабаян: Команда жеңіске деген жігер танытты
«Астана» Премьер-Лиганың 13-ші тур аясында сырт алаңда қызылордалық «Қайсар» командасын 2:0 есебімен жеңді.
<span>Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы өз пікірімен бөлісті:</span><span> </span>
<span>- «Қайсар» командасы соңғы алты кездесуде қақпаларына гол жіберген жоқ. Өте ұйымшыл команда. Бұл жаққа қонаққа келген ешқандай командаға оңай болмасы анық. Сондықтан, біз кездесудің басынан бастап қоғаныста сауатты ойнап, өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдалануға тырыстық. Қарсылас команда шабуылда жақсы ойнайтынын ескеріп, бүгін біз сәл төмен ойнадық. Бүгінгі кездесуге қойған жоспарымызды толықтай орындап шықтық. Команда үзіліске кетер алдында өтетін ойындар әрқашан да қиын болады. Дегенмен, бүгін жігіттер жеңіске деген жігер танытты. Және де барлық ұлттық құрама командаларына аттанатын ойыншыларға сәттілік тілеймін. Әрине, Қазақстан құрамасына Әзірбайжанға қарсы кездесуде жеңіс! </span>