Стойче Младенов: Біз Қазақстанның ең үздік командасына қарсы ойнадық
«Астана» Премьер-Лиганың 13-ші тур аясында сырт алаңда қызылордалық «Қайсар» командасын 2:0 есебімен жеңді.
Ойын соңында қызылордалық команда бас бапкері Стойче Младенов матч туралы өз пікірімен бөлісті:
- Бүгін негізі тең дәрежедегі кездесу болды. Қарсылас команда өздерінде болған екі мүмкіндікті сәтті пайдаланып, ойын нәтижесін жасай алды. Команда сапындағы жарақат алған ойыншылардың алаңға шықпағандығы бүгінгі матчта анық байқалды. Ал бүгін өнер көрсеткен ойыншылар соңғы айда үзіліссіз ойнап келе жатыр. Дегенмен, олар өздерінің физикалық мүмкіндіктері жоғары екендіктерін дәлелдеп келеді. Біз алдағы уақытта команда сапына жаңа ойыншылар қосқаннан кейін, бұдан да жақсы ойнайтын боламыз. Маусым басынан бергі біздің басты мәселеміз – гол соға алмай жатқандығымызда.
- Бүгін команда неліктен қорғанысқа баса назар аударды?
- Біз Қазақстанның ең үздік командасына қарсы ойнадық. Біз шабуыл ұйымдастырғанмен, гол соға алмадық. Кездесу барысында допты жақсы бақылап, қапталмен сәтті ойнай білдік. Дегенмен, бізде әлі де шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында көп мәселе бар.
- Жарақат алған ойыншылар қашан қатарға қосылады?
- Біз 8 маусым күні жаттығу жұмыстарына қайта оралған кезде, барлық ойыншылар қатарда болады деген сенімдемін. Жалғыз ғана Марочкинге кішкене ұзақ уақыт керек. Ал Курьорға келер болсақ, ол қазірдің өзінде жалпы құрамда жаттығып жатыр.
- Бүгін қақпаға неліктен Исламкулов емес, Григоренконы шығардыңыз?
- Мен бұл туралы өткен жылы айтқан болатынмын. Биыл да қайталап айтайын, біздің команда құрамында екі мықты қақпашы бар. Екеуі де өздерінің жақсы физикалық формасында. Григоренко оны бүгін толықтай дәлелдеп шықты. Бұл позиция бойынша менде ешқандай мәселе жоқ.