«Ертіс» «Ақжайықты» оңай жеңді
Футболдан ел чемпионатының 13-турында керекулік «Ертіс» өз алаңында оралдық «Ақжайықты» қабылдады.
Ойын тағдырын алаң иелері бірінші таймда шешіп тастады. 23-минутта Стаменкович және 39-минутта Саламидің соққан екі голы «Ертіске» жеңісті әперді.
Осы жеңістен соң «Ертіс» ұпай саны бойынша «Ақжайықпен» теңесіп, 5-ші сатыға орналасты. Ал «Ақжайық» бір саты төмен орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или