«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді

«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді

Қазақстан Премьер лигасының 13-ші туры аясында «Қайрат» командасы өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматының орталық стадионында өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Өткен турда бұл екі команда да жеңілген жоқ. «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» ұтылса, «Ақтөбе» өз алаңында «Ертіспен» ұпай бөлісті.

Маусым басталғалы негізгі құрамдағы ойыншыларын сапырлыстырып жүрген алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер бүгін де құрамға азырақ өзгеріс енгізді. Орталық алаңда Қуат қосалқы құрамда қалып, Команда капитаны Бауыржан Исламхан қайта мүмкіндік алды. Ал шабуылға Чума Анене шықты.

Бірінші таймда алаң иелері алғы шепетегі легионерлеріне сүйеніп тынбай шабуылдағанымен қонақтар көп гол соқты. Ойынның бар болғаны төртінші минутында Исламхан есеп ашқанымен, алғашқы тайм аяқталғанша Маркос Пиззелли  есепті 1:2-ге жеткізді.

Екінші таймда ойын басымдылығы алаң иелерінің қолында болды. Өз алаңында ұпай жоғалтқысы келмеген алматылықтар жиі шабуылдады. Бірақ, гол соғудың сәті түспей-ақ қойды.

Осыдан кейін испаниялық маман алаңға Угоны жіберді. Бұған дейін ойынға тыңнан Иличевич пен Жуков қосылған болатын. 

Бас бапкердің осы шешімі өз жемісін беріп, ойынның 77-ші минутында Иличевич гол соқты. Сол қапталдан басталған шаубыл қақпа алдындағы қарбаласқа ұласқан еді. Осы кезде хорватиялық ойыншыға есепті теңестірудің сәті түсті.

Ал ойын аяқталуға аз ғана уақыт қалғанда мұхиттың арғы бетінен аттай қалап алдырған шабуылшы Уго жеңіс голын соқты.

«Қайрат» - «Ақтөбе» 3:2 (1:2)

Гол соққандар: Исламхан (4), Иличевич (77), Уго (90) - Пиззели (15, 30)

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (Жуков), Шелдон Бато, Станислав Лунин - Хуан Фелипе (Уго), Акош Элек, Бауыржан Исламхан (К), Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин - Чума Анене (Иличевич).

«Ақтөбе»: Рамиль Нурмухаметов (Қ) - Бағдат Қайыров, Александр Симчевич (К), Виталий Волков, Милан Радин (Силва Фабрисио) - Руслан Валиуллин, Саша Марьянович, Хрвое Милишевич, Жамбыл Көкеев, Маркос Пиззелли - Силва Рейналдо (Жан-Эд Морис).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или