Молдовалық маман Әзірбайжанмен өтетін ойында төрелік етеді
Қазақстан мен Әзірбайжан ұлттық құрамаларының жолдастық матчына тағайындалған төрешілер тобы белгілі болды.
<span>Бас төрешінің міндетін молдовалық маман Александр Тян атқарады. Оның отандастары Андрей Бодян мен Виктор Мардари қос қапталдан көмектеседі. Қосалқы төреші — Дмитрий Мунтян (Молдова).</span>
<span>Айта кетейік, 2017 жылы Александр Тян бастаған молдовалық төрешілер тобы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Армения құрамалары арасындағы ойында қызмет атқарған болатын. Сол кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ - 1:1.</span>
<span>Еске сала кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан матчы 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 20:00-де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или