«Жетісу» «Шахтерден» басым түсті

«Жетісу» «Шахтерден» басым түсті

Футболдан ел чемпионатының 13-турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады.

Ойын тағдырын матч басында соғылған жалғыз гол шешті. 13-минутта «Жетісудың» армениялық легионері Эдгар Малакян алаң иелерін алға шығарған. Бұл ойындағы жалғыз гол болып, талдықорғандық ұжым жеңіске жетті – 1:0.

Осы жеңістен соң «Жетісу» 14 ұпаймен 7-ші орынға көтерілді. Ал «кеншілер» 13 ұпаймен бір саты төмен орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или