Рамос жазалананды ма?
<span lang="kk">Чемпиондар Лигасының финалында мысырлық Мохамед Салахты жарақаттаған «Реал» қорғаушысы Серхио Рамосты жазалауға шақырғандардың саны 500 мыңға жетті, деп хабарлады ресейлік басылымдар.</span>
<span lang="kk">Естеріңізге салайық, Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінен кейін ғаламтор желісінде Рамостың әрекеті қызу талқыға түсіп, оның жазалануын 100 мыңға жуық адам қолдаған еді.</span>
<span lang="kk"> Ал қазіргі таңда қол қойғандардың саны күннен-күнге артып келеді. Сонымен қатар, танымал мысырлық қорғаушы да Рамостан 1 милллиард еуро көлемінде айыппұл төлетуді сұрап отыр. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или