Қазақстан UEFA рейтингісінде 2017/2018 жылғы маусымды 28-ші орында аяқтады

Қазақстан UEFA рейтингісінде 2017/2018 жылғы маусымды 28-ші орында аяқтады

UEFA-ның ресми сайтында 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клубтық турнирлердің рейтингісі жарияланды, деп жазады футбол федерациясының ресми сайты.

Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озып, 28 орынды иеленді.

Біздің клубтардың жалпы жинаған ұпайы - 18.125. 2016/2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан 15.250 ұпаймен 29 орынды иеленген еді.

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 21.750 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтық рейтингісінде 67 орынды алды. 2016/2017 жылдың қорытындысы бойынша елордалық клуб 51 сатыға төмен болған еді – 118 орын (13.750 ұпай).

Айта кетейік, коэффициент елдің барлық клубтарының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының соңғы бес маусымдағы нәтижелерінің негізінде құралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или