«Ертіс» командасының ойыншылары «Challenge Өзгеше сен!» атты науқанға қатысты
«Ертіс» командасының ойыншылары «Challenge Өзгеше сен!» атты науқанға қатысты. Спорттық флешмоб С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті.
Басында бой жазу жаттығуларын оқу орнының тәлімгерлері жасаса, кейін тізгінді өз қолдарына «Ертіс» ойыншылары алды. Бұл ретте «пентакампеондар» сапындағы жартылай қорғаушы Мадьяр Рамазанов және форвард Эдди Эрнандес ширатудың қыр-сырларын көрсетті.
Жалпы іс-шараға жүзден аса студент қатысты. Бұдан бөлек, спорттық жаттығуларды орындауға ЖОО ұстаздары да ат салысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или