Instat. Шитов – «Астана» - «Жетісу» кездесуінің үздігі

Instat. Шитов – «Астана» - «Жетісу» кездесуінің үздігі

Instat аналитикалық компаниясы Қазақстан Республикасы Премьер-Лигасының статистикалық мәліметтерін жариялады.

«Астана» 12-ші тур аясында өз алаңында «Жетісу» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index мәліметтері бойынша «Астана» қорғаушысы Игорь Шитов үздік атанды. Бұл Шитовтың жарақатынан кейінгі алғашқы ойыны болатын. Игорь матч барысында 11 рет допқа таласта жеңіске жетіп, 90% тура пас берген.

Екінші орында Евгений Постников. Евгений допқа таластың 91%-да жеңіске жетіп, 92% тура пас беріп, осы көрсеткіш бойынша матчтың көшбасшысы атанды.

Үздік үштікті талдықорғандық команда қақпасына үшінші голды соққан Марин Томасов қорытындылады. Хорватиялық ойыншы айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Instat Index бойынша үздік бестік:
1.Игорь Шитов 310
2.Евгений Постников 296
3.Марин Томасов 287
4.Патрик Твумаси 282
5. Ненад Эрич 252

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или