Премьер лиганың үздік сұрмергені «Ертіске» қарсы матчқа қатыса алмайды
Оралдық «Ақжайық» командасының шабуылшысы Адеринсола Эсеола Премьер лиганың 13-ші туры аясында өтетін «Ертіске» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Қайсарға» (0:0) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.
26 жастағы украиналық шабуылшы осы маусымда керемет өнер көрсетуде. 12 турдан кейін 8 гол соққан Эсеола Премьер лиганың үздік сұрмергендер көшін бастап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или