ӘЧ-2018: Бразилия өз футболшыларына рекордтық мөлшерде сыйақы бермек
Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) биыл Ресейде өтетін Әлем чемпионатында жеңіске жетсе, әрбір футболшыға 1 млн доллар мөлшерінде сыйақы беруге уәде етіп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Бразилия ұлттық құрамасы бапкерлер штабының да әрбір мүшесіне осынша сыйақы беріледі. </span>
<span>Әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен құрамалар мұндай соманы бұрын-соңды көрген емес. 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде чемпион болған әйгілі құраманың әрбір ойыншысына бұдан бес есе аз сыйақы төленген болатын. </span>
<span>CBF 2014 жылы өз алаңдарында өткен мундиальдағы жеңіс үшін ойыншылар мен бапкерлерге жалпы 35 млн доллар уәде еткен. Алайда жартылай финалда Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия құрамасы қола медаль үшін ойында Голландияға да жол берген (0:3) болатын.</span>