Дмитрий Огай: Қорғаушыларға қарағанда шабуылшыларға айтар сыным көп

Дмитрий Огай: Қорғаушыларға қарағанда шабуылшыларға айтар сыным көп

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші туры аясында өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдап 3:0 есебімен тас-талқан етті.

Ойын соңында талдықорғандық команда бас бапкері Дмитрий Огайдың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Біз кездесу басынан бастап қарымта шабуылда ойнағанды жөн деп санадық. Менің қорғаныстағы ойыншылардан қарағанда, шабуыл шебіндегі футболшыларға айтар сыным көп. «Астана» сияқты командаға қарсы кездесуде, өзіңде болған мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Сонда ғана ойын барысын өзгертуге болады. Ал, жалпы алғанда екі команданың деңгейі екі түрлі. Бұл матч тағдырына тікелей әсер етті.

- Бүгін Жақып Қожамберді неліктен тек ойын соңында алаңға шықты?

- Бүгінгі таңдау сондай болды. Қапталда Малакян мен Оганесян ойнады. Мүмкін, келесі ойында басқа құрам алаңға шығатын шығар.

- Неге алғашқы ойыншыны есеп 3:0 болған кезде ғана алмастырдыңыз?

- Мен ешқандай қажеттілік байқаған жоқпын. Өйткені, команда тактикалық түрде жақсы қорғанып жатты. Ал қарымта шабуылда сәтті өнер көрсете алмадық. Бүгін мен Малакян-Оганесян жұбына, жылдам ойыншы Мартиновичке сенім артқан болатынмын. Дегенмен, олар бүгін сәтсіз өнер көрсетті. Ал Бойовичтің ойын мәнері мүлде бөлек. Біз кездесудің басым бөлігін қорғаныста өткізгендіктен, алаңға тек жылдам ойыншы шығаруым керек болатын.

- Лаши Касрадзе неліктен тізімде жоқ?

-Ол жарақат алып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или