Григорий Бабаян «Манчестер Ситиден» үлгі алуға шақырды
«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші туры аясында өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдап, 3:0 есебімен басым түсті:
Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Біз күткендей өте қиын кездесу болды, әсіресе бірінші таймда. «Жетісу» командасы үлкен күшпен қорғанғандықтан, бізге доппен көп жұмыс жасап, шыдымдылық таныту қажет болды. Бірінші таймның ортасында өз ойынымызды тауып, қажетті гол соға алдық. Одан кейін де бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Алайда, өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Екінші таймда 3:0 есебінен кейін, аздап жылдамдықты бәсеңдетіп, кездесуді соңына дейін жеткіздік. Бұл біздің жыл басынан бері есептегендегі 14-ші ойынымыз, оған Суперкубок үшін өткен матчты және Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы екі ойынды қосыңыз. Сондықтан, бүгінгі матчта кейбір ойыншыларға демалыс бергенді жөн көрдік. Себебі, оларға демалыс қажет екендігі анық. Жалпы алғанда, «Жетісу» командасының жасаған қауіпті 2-3 шабуылын есептемесек, жақсы ойын көрсеттік деуге болады.

- Юрий Логвиненко бүгін өзіне үйреншікті орталық қорғаныста емес, тіреуші жартылай қорғаушының міндетін атқарды...

- Юрий көптен бері алаңға шыққан жоқ. Оған ойын тәжірибесі қажет болды. Және Иван Маевский маусымның басынан бері ойнап келе жатыр. Сол себепті, оған демалыс бергенді жөн көрдік. Ал Логвиненко ойынның басында аздап қобалжығыны рас. Бірақ, жалпы алғанда ол жақсы ойын көрсетті.

- Бейсебеков не үшін бүгін алаңға шыққан жоқ?

- Ол да неше ойын қатарынан демалыссыз өнер көрсетіп келе жатыр. Біз қазір өзгертілген турларды есепке алар болсақ, әр 3-4 күн сайын ойнап келе жатырмыз. Сол себепті Абзалға демалыс бергенді жөн көрдік.

- Команда осы құраммен Еурокубоктерға қойған жоспарын орындауға қауқарлы ма? Әлде, командаға жаңа ойыншылар қажет пе?

- Әрине, 100% команда құрамын күшейту қажет. Егер алдымызға қойған мақсаттарға жеткіміз келсе, команда құрамына жаңа ойыншылар ауадай қажет. Мысалға, Осы жылы Англия чемпионы атанған «Манчестер Сити» командасын алып қараңыз. Бас бапкері Гвардиола қазіргі құрамға көңілі толмай, осы маусымаралық үзілісте клуб басшылығынан команда құрамын әлі де күшейтуді сұрап отыр. Бұл сондай жүйе. Командаға жаңа күш, жаңа екпін қосып отыру қажет. Команда алға жылжуы үшін сапалы жаңа ойыншылар алып, бәсекелестікті арттыру қажет.

- Дәл қазіргі уақытта Десппотович Муртазаевтан бір бас жоғары деп айта аласыз ба?

- Мен біреу осал, біреу мықты деп салыстырғым келмейді. Әр ойыншыға өздірін көрсетуге, дәлелдеуге мүмкіндік береміз. Қалғаны тікелей ойыншылардың өздеріне байланысты. Біз команда қатарына жаңа ойыншыларды шақырар алдында, олармен қандай командаға келе жатқандығын білуі үшін арнайы түсініктеме жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, «Астана» командасы әр ойында жеңіс үшін ойнайды. Команда құрамына жаңадан қосылатын ойыншылар күн сайын еңбектеніп, ілгері жылжып отырулары қажет. Бірақ, әр жылдары біздің командаға қосылып, бір орнында қалып қоятын 2-3 футболшы болады. Дегенмен, ондай ойыншылар «Астана» сапында ұзақ тұрақтамайды. Ал өзімен жұмыс жасап, күн сайын барынша еңбектенетін ойыншыларды біз бағалаймыз және ондай футболшылар бізге өте қажет-ақ. Сондықтан, барлық жағдай бірінші кезекте ойыншылардың тікелей өздеріне байланысты. Бұл жағдай Мұртазаев, Деспотович және Щеткинға ғана емес, команда құрамындағы барлық ойыншыларға қатысты. Егер команда жақсы нәтижеге жетпесе, бапкер орнынан кетеді. Бұл да сондай жүйе.