Жаға ұстатты
Футбол

«Ақжайық» ойыншысы өзін Садио Маненің ағасымын деп жүр. Бұл рас па?

«Ақжайық» ойыншысы өзін Садио Маненің ағасымын деп жүр. Бұл рас па?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде Киевте «Ливерпуль» мен «Реал» Еуропаның үздік командасын анықтайды. Қазақстандағы бір жігіт үшін Чемпиондар лигасының финалы ерекше болмақ.

Малик Мане «Ақжайыққа» ауыспас бұрын жеті елде он клубта ойнап шыққан. Қазақстандағы мансабын ол «Ақтөбеде» бастады. Кейін сенегалдық футболшы Швеция, Аустралия, Норвегия, Сауд Арабияда доп тепкен. Артынша, «Тараз» сапында ойнап, кейін Қытайға ауысты. Былтыр «Тараз» сапына қайта оралғанымен, тараздық клуб бірінші лигаға ұшып кеткен соң, биыл «Ақжайықтың» жейдесін киді.

Қазақстанда көптеген жанкүйерлер оның «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Маненің туысы екеніне сенімді. Жақында берген сұқбатында «Ақжайықтың» шабуылшысы Садиомен туыс екенін жасырған жоқ. Тіпті, Маликтің сөзіне сенсек, Садио екеуінің әкесі бір екен. Бірақ ғаламтор желісінде Малик пен Садионың туыс екені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Тек «Википедиядағы» Маликтің өмірбаяны ғана бар. Бірақ бұл сайтқа кез келген адам ақпарат сала алатынын ескерсек, «Википедияға» сену қиын. Оның үстіне, Садионың өзі де «Ақжайықтың» шабуылшысы туралы ештеңе айтпаған.

Жалпы, Малик пен Садионың түр-әлпеті ұқай ма? Ұқсайды.

Садио

Ðалик

Садио

Ðалик

Бір қызығы Instagram желісін бір ақтарып көрсек, Малик Садионың парақшасына жазылған екен, ал Садио Маликке жазылмаған. «Ағайынды бауырлардың» бұлай жасағаны қызық екен.

Енді футболшылардың туған жерлерін қарайық. Малик Зегиншорда, ал Садио одан 150 шақырым алыста, Седиу қаласында туған. Мүмкін, отбасы басқа қалаға көшкен шығар. Садионың Маликтен үш жас кіші екенін ескерсек, бұл да әбден мүмкін.

2011 жылы Малик «Ақтөбе» сапында жұлдыздай жарқырап жүрген кезінде Prosports.kz (ол кезде «PROСПОРТ Қазақстан») сенегалдық шабуылшымен сұқбаттасқан болатын. Сол сұқбатында ол «Туыстарыңнан сенен басқа футболшылар бар ма?» деген сұраққа «Еміл Кенжисариев туғанымдай (күліп). Ол «Ақтөбе» сапындағы ең сүйікті футболшым» деп жауап берген. Садио Мане туралы бір сөз жоқ.

Француз тілінде сөйлейтін Малик біздің сұрағымызды дұрыс түсінбеген болар немесе сол кезде франциялық «Мец» сапында ойнап жүрген Садионы бауыры деп санамаған шығар. Білмейміз.

Малик өтірік айта ма, жоқ па – оқырманның өзі шешер. Бірақ бүгін түнде «Ақжайықтың» форварды «Ливерпульге» жанкүйер болатыны анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер