Самат Смақов футболшы мансабын қайта бастады

Самат Смақов футболшы мансабын қайта бастады

Өткен маусым аяқталысымен футболшы ретіндегі кәсіпқой мансабын аяқтаған Самат Смақов «Ақтөбенің» бас директоры болып тағайындалған. Алайда жарты жыл уақыт өткеннен соң аңыз ойыншы жасыл алаңға қайта оралуды шешіпті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Алайда «Ақтөбенің» директоры мансабын әуесқойлар арасында жалғастыруды жөн деп шешіпті. «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, Самат Смақов әуесқойлар арасындағы Ақтөбе қаласының біріншілігіне тіркелген. Тәжірибелі футболшы ендігі «Авиатор» әуесқой командасының намысын қорғайтын болады.</span>

Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан<span> </span>20<span> </span>жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды. Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или