«Крузейро» – Бразилия чемпионы атанды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Футболдан Бразилия чемпионатының 34-ші турында Белу-Оризонти қаласының «Крузейро» клубы «Виторияны» жеңіп, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Крузейро» Сальвадорда өткен кездесуде қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздардың сапында голдарды Виллиан, Жулио Баптиста мен Рикардо Голарт соқты. Осылайша, «Крузейро» 74 ұпай жинап мезгілінен бұрын ел чемпионы атанды. </p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетер жайт, «Крузейро» тарихында үшінші рет Бразилия чемпионы атанып отыр. Бұның алдында «Крузейро» 1966 жылы мен 2003 жылы жеңімпаз атанған.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или