Саян Хамитжанов «Астананың» «Ақжайықтан» ұтылуына кім кінәлі екенін айтты

Саян Хамитжанов «Астананың» «Ақжайықтан» ұтылуына кім кінәлі екенін айтты

«Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов клубтың баспасөз қызметіне «Ақжайық» - «Астана» (3:0) арасындағы кездесу туралы өз пікірін білдірді:

- Мен оралдықтарға қарсы кездесудегі жеңілісті өз мойыныма аламын. Клуб чартерлік рейске қаражат үнемдеймін деп, команданы ыңғайсыз жағдайда Оралға аттандырып, логистикалық қате жіберді. Клуб басшылығының жіберген қателігінен кейін, ойыншылар ойын алдындағы түнде дұрыс ұйықтамай, ойынға дайындалу барысы бұзылып, дұрыс қалыпқа келіп үлгермеді. Оған қоса ойын нәтижесіне Оралдағы ауа температурасының өте ыстық болуы және де алаң сапасының сын көтермеуі өз әсерін берді. Тағы да қайталап айтайын, команда ойынға лайықты деңгейде дайын болмай шығуына бірінші кезекте клуб кінәлі.

Бұл бізге алдағы уақытта үлкен сабақ болары анық. Футболда кішкентай ғана жіберген қателік ойынға тікелей әсерін беретіндіктен, матчқа дайындалу тұрғысында және логитикалық шешім қабылдауда сақ болған жөн.

Әрине, оралдық команда футболшыларының кездесуге тыңғылықты дайындалғандығын атап өткен жөн. Аталмыш кездесуде «Ақжайық» командасы бізден толықтай басым болды.

Клуб атынан барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бірақ бұл футбол болғандықтан, қанағаттанарлықсыз нәтижелер болып тұрады. «Астана» өз жанкүйерлерін жеңіске әбден үйретіп қойды. Алайда, дәл мұндай жеңілістерден ешкім де сақтандырылмаған. Өткен ойындағы жеңіліс үшін команда ойыншыларына да, бапкерлер құрамына да ешқандай сын таға алмайтындығымды айта кеткім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или