Момоду Сисей ҚПЛ-ға оралуға жақын

news-banner7
mobile-news-top

Гамбиялық ойыншы Момоду Сисей «Қызыл-Жар СК» сапына ауысуы мүмкін.

Ресейлік агент Сослан Касабиевтың айтуынша, екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Егер бәрі сәтті өтсе, 29 жастағы шабуылшы 4 шілдеде ашылатын трансферлік уақытта петропавлдық клубтың жейдесін киеді.

Естеріңізге салсақ, Сисей 2013-2015 жылдар арасында «Қайратта» ойнаған болатын. Алматылық клубта 46 матч өткізіп, 17 гол соққан. Оның соңғы клубы финляндиялық «ПС Кеми Кингс» командасы болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер