Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасының жиынына қатысады

Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасының жиынына қатысады

«Уфа» футбол клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды, деп жазады отандық басылымдар.

- 18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет 1 маусымнан 6 маусымға дейін Астана қаласында жаттығу жиынын өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Жиналыс аясында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өтеді,-делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, Еркебұлан <span>«Уфа»</span> клубына биыл жыл басында ауысып барған. Ресей Премьер лигасында екі матч өткізді. Жас шабуылшы маусым соңына қарай жарақат алып қалып, командасына соңғы ойындарда көмектесе алған жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или