Андрес Иньеста барлық жүлделерімен суретке түсті
34 жастағы испаниялық атақты футболшы Андрес Иньестаның «Барселонадағы» мансабы аяқталды, деп жазады prosports.kz сайты.
- Бұл менің «Барселонадағы» соңғы маусымым. Мен бұл шешімді ұзақ уақыт бойы қарадым. «Барселона» мен үшін әлемдегі үздік клуб болып қала береді. Бұл маған бәрін берген клуб, - деді Иньеста.

Андрес Иньеста «Барселона» сапында 2001 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта ол клубпен бірге 32 жоғары деңгейлі жүлдеге қол жеткізді.
Ол 9 рет Испания чемпионатын 6 - Король кубогын, 7 - Испания Суперкубогын, 4 рет Чемпиондар Лигасын, 3 рет UEFA Суперкубогын, 3 рет клубтық Әлем чемпионатын жеңіп алды. Сонымен қатар, Испания ұлттық құрамасы сапында екі мәрте Еуропа чемпионатын ұтып, бір рет Әлем чемпионатында топ жарды.
Клубтан кетер алдында аңыз ойыншы өзі жеңіп алған барлық жүлделерімен бірге естелік суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктеді.
So. Many. Trophies. #infinit8iniesta

[ via @FCBarcelona] pic.twitter.com/XMgXXuMLj8
— B/R Football (@brfootball) 2018年5月22日