«Црвена Звезда» фанаттары өз клубының автобусын өртеп жіберді

«Црвена Звезда» фанаттары өз клубының автобусын өртеп жіберді

Сербиялық «Црвена Звезданың» фанаттары өз клубының ел чемпионы болуын тойлап жатқан кезде абайсызда команданың автобусын өртеп жіберді.

«Црвена Звезданың» чемпиондық парады Сербия чемпионатының 37-турынан кейін өткен еді.

Парад кезінде жанкүйерлер пиротехника қолданған. Сондай пиротехникалардың бірі автобусқа тиіп, ол бірден жанып кетті.

Бірақ команда футболшыларына зардап келмеді, олар автобустан шығып үлгерген.

Айта кетейік, партизандық клуб осы маусымда өз тарихында 28-ші рет Сербия чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или