Жанкүйерлері Буффонды жылап тұрып шығарып салды

Жанкүйерлері Буффонды жылап тұрып шығарып салды

Әйгілі қақпашы Джанлиуджи Буффон "Ювентус" командасы сапындағы соңғы ойынын өткізді. Туриндік команданың жанкүйерлері аты аңызға айналған қақпашыны жылап тұрып шығарып салды.

40 жастағы қақпашы "Ювентус" сапында 17 жыл ойнап, 656 ойынға қатысқан. 301 ойында өз қақпасына гол соқтырмаған. 17 рет чемпиондық атаққа ие болған.

Италия чемпионатының соңғы турында "Ювентус" "Веронамен" кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 63 минутта Буффон өз орнын Пинсольоға босатып, команда ойыншылары және жергілікті жанкүйерлермен қоштасты.

«Ювентус»  # Un1co хэштегімен (# Unique - "бірегей", мұндағы 1 - Буффон нөмірі) қақпашыға арнайы форма дайындады.

Алаңға Буффон үш ұлымен бірге шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или