ПСЖ Буффонға 8 млн еуро жалақы беріп, команда капитаны қылмақ
Осы маусымнан соң «Ювентустан» кететін Джанлуиджи Буффонға франциялық ПСЖ-дан жақсы ұсыныс түсті.
Football Italia ақпаратына сүйенсек, париждік клуб Джиджиге жылына 8 миллион еуро жалақы мен екіжылдық келісімшарт ұсынып отыр. Сонымен қатар, Буффонды бірден ПСЖ-ның капитаны қылмақ.
Буффонға ПСЖ-дан бөлек, англиялық «Ливерпуль» де қызығушылық танытып отыр.
Ал Джиджи алдағы мансабы туралы шешімді алдағы уақытта айтады. Мансабын аяқтауы да ықтимал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или