«Ертіс» ойыншылары футбол сабағын өткізді
«Ертіс» ФК ойыншылары Алмат Бекбаев және Берік Айтбаев Павлодар қаласындағы №1 жалпы білім беру мектебінде футбол сабағын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш пән биыл өңіріміздің 27 оқу орнында жүргізіле бастады.
Сабақ аясында оқушылар арнайы тапсырмаларды орындап, жаттығудың екінші жартысы ойынмен жалғасын тапты. Алмат осы жолы қақпашы ретінде емес, алаңдағы футболшы ретінде өнер көрсетіп, қыз балалармен сабақ жүргізді. Ал Берік ер жігіттермен доп теуіп, спорт түрінің қыр-сырларымен таныстырды. Кейбір оқушылар кәсіби мамандарды өнерлерімен таң қалдыра білді. Бұл ретте, Алмат пен Берік балаларға жазғы демалыста уақытты бос өткізбей, спортпен айналысып, кітап оқуға шақырды.
<iframe src="https://vk.com/video_ext.php?oid=-70961430&id=456239597&hash=d235dac40552dcba" width="640" height="360" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>