Қазақстандық клубтар Еуропа лигасын «еленгендер» қатарынан бастайды

Қазақстандық клубтар Еуропа лигасын «еленгендер» қатарынан бастайды

Қазақстандық үш клуб УЕФА Еуропа лигасын «еленгендер» қатарынан бастайды.

Қазақстан кубогының иегері «Қайрат», ел Премьер-лигасында 4-ші және 5-ші орын алған «Ертіс» пен «Тобыл» Еуропа лигасында бірінші іріктеу кезеңінен бастау алады. Үш клуб та «еленгендер» қатарынан болатын. Бәрінде де 3,625 ұпайдан бар.

Ал олар Еуропа лигасының екінші кезеңіне өтетін болса, «еленбегендер» қатарына қосылады.

Естеріңізге салсақ, УЕФА Еуропа лигасы 1 және 2-ші іріктеу кезеңдерінің жеребесі 19 маусымда тартылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или