«Тараздың» директоры «Матчты жанкүйерсіз өткізу» санкциясына түсініктеме берді
«Тараз» футбол клубының директоры Қанат Мұсатаев Қазақстан футбол федерациясын аттестациялау жөніндегі комиссиясының <span>«Матчты жанкүйерсіз өткізу» санкциясын қолдану шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды prosports.kz тараздық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>- Біз стадион ұзақ уақыт бойы көрерменсіз қалмайды деп үміттенеміз. Әкімшілік лицензиялауды толық өтеу үшін бар мүмкіндікті жасайды, - деді клуб басшысы Қанат Мұсатаев.</span>
<span>Естеріңізде болса, кеше ҚФФ аттестациялау жөніндегі комиссиясы «Ақтөбе», «Атырау», «Тараз» футбол клубтарының стадионын толымсыз деп танып, талапқа сай келмейтін кемшіліктерді жойып, қажетті құжаттарды тапсырғанға дейін өз алаңындағы ойындарын көрерменсіз өткізсін деген шешім шығарған еді.</span>