Жанкүйерлер «Атырау» - «Астана» кездесуінің үздік ойыншысын анықтады
«Атырау» - «Астана» командалары арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, елордалық клубтың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер аталмыш ойынның үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, ойын 2:0 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталып, кездесудегі шешуші голды Марин Томасов соққан еді. Дәл осы хорватиялық ойыншыға жанкүйерлердің 50%-ы дауыс беріп, Томасовты үздік деп таныды.
Екінші орында Патрик Твумаси. Ганалық ойыншы кездесуде 11 метрлік айып добынан гол соғып, есеп ашқан болатын. Оған қоса Патрик кездесу барысында қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болды. Ол жанкүйерлер тарапынан 20,3 % дауыс жинаған.
Үздік үштікті команда қорғаушысы Абзал Бейсебеков қорытындылады. Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы қорғаныс пен шабуылда қатар ойнап, сәтті матчтарының бірін көрсетті.

Үздік бестік:
1.Марин Томасов 54,5%
2.Патрик Твумаси 20,3%
3.Абзал Бейсебеков 5,8%
4.Дмитрий Шомко 5,5%
5.Александр Мокин 4,4%

Дауыс беруге 2 890 адам қатысты.