Марин Аничич «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

Марин Аничич «балаларға арналған футбол» науқанына қатысты

«Астана» Президенттік клубының құрамына енетін «Астана» футбол клубы балаларға арналған футбол науқанын жалғастыруда. 

Бұл акция бойынша бүгін, яғни 15 мамыр күні №19 мектептің «3-б» және «3-д» сынып оқушыларына ашық дене шынықтыру сабақтары өткізілді. 

Аталмыш сыныптың оқушыларына ашық дене шынықтыру сабағын «Астана» футбол орталығының жаттықтырушысы Жанат Закиров пен команда қорғаушысы Марин Аничич жүргізді. 

Жанат пен Марин жылдамдық, допты алып жүру, пас беру сияқты футбол дағдылары бойынша балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ашық сабақтың қызықты өтуіне «Астана» футбол клубының маскоты - «Барсик» пен «АстанаFF» фристайл мектебінің өкілдері өз үлесін қосып, іс-шара барысында балалардың көңілін көтерумен болды. 

Ашық сабақ соңында №19 мектеп оқушылары мен ұстаздарына естелік сыйлықтар мен 19 мамыр күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Ақтөбе» командалары арасындағы ойынға билеттер табыс етілді. 

«Астана» футбол клубы стадионның Е8 секторын «отбасылық сектор» жасауды жоспарлап отыр. Ал балаларға арналған футбол науқанының қатысушылары ата-аналарымен бірге осы секторда «Астана» футбол клубының өз алаңындағы кездесулерінде елордалық командаға жанкүйерлік ететін болады. 

Еске сала кетейік, 19 мамыр «Астана Арена» стадионында елордалық команда «Ақтөбемен» кездеседі. Ойын 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или