Ибрагимович Швецияның Әлем чемпионатына қатысатын құрамына енбеді
Швеция құрамасы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Құраманың бас бапкері Янне Андерссон жариялаған соңғы тізімде «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында өнер көрсететін Швецияның атақты ойыншысы Златан Ибрагимовичтің есімі жоқ.
Қақпашылар: Юнссон («Генгам»), Робин Ольсен («Копенгаген»), Нордфельт («Суонси Сити»).
Қорғаушылар: Аугустинсон («Вердер»), Гранквист («Краснодар»), Хеландер («Болонья»), Янссон («Лидс Юнайтед»), Крафт («Болонья»), Лустиг («Селтик»), Линделеф («Манчестер Юнайтед»), Мартин Ольссон («Суонси Сити»).
Жартылай қорғаушылар: Классон («Краснодар»), Дурмаз («Тулуза»), Экдаль («Гамбург»), Эмиль Форсберг («РБ Лейпциг»), Хильемарк («Дженоа»), Себастьян Ларссон («Халл Сити»), Рохден («Кротоне»), Густав Свенссон («Сиэтл Саундерс»).
Шабуылшылар: Берг («Аль-Айн»), Гвидетти («Алавес»), Телин («Васланд-Беверен»), Тойвонен («Тулуза»).
Естеріңізге сала кетейік, Швеция құрамасы Әлем чемпионатында Мексика, Германия және Оңтүстік Корея құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.