Коста-Рика құрамасы Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
Коста-Рика құрамасы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Осыдан төрт жыл бұрын Бразилия жерінде өткен Әлем чемпионатының басты сенсацияларының бірі болған құраманың бас бапкері Оскар Рамирес Ресейге баратын 23 футболшының есімін атады.
Қақпашылар: Кейлор Навас (Реал, Испания), Патрик Пембертон (Алахуэленсе), Леонель Морейра (Эредиано).
Қорғаушылар: Кристиан Гамбоа (Селтик, Шотландия), Иан Смит (Норчепинг, Швеция), Брайан Овьедо (Сандерленд, Англия), Рональд Маттарита (Нью-Йорк Сити, АҚШ), Франсиско Кальво (Миннесота Юнайтед, АҚШ), Оскар Дуарте (Эспаньол, Испания), Джанкарло Гонсалес (Болонья, Италия), Джонни Акоста (Рионегро Агилас, Колумбия), Кендалл Уотсон (Ванкувер Уайткэпс, Канада).
Жартылай қорғаушылар: Ельцин Техеда (Лозанна, Швейцария), Давид Гузман (Портленд Тимберс, АҚШ), Сельсо Борхес (Депортиво, Испания), Родни Уоллас (Нью-Йорк Сити, АҚШ), Рэндалл Асофейфа (Эредиано), Кристиан Боланьос (Саприсса), Брайан Руис (Спортинг Л, Португалия).
Шабуылшылар: Жоэль Кэмпбелл (Бетис, Испания), Йохан Венегас, Даниэль Колиндрес (екеуі де – Саприсса), Марко Уренья (Лос-Анджелес Гелакси, АҚШ).
Естеріңізге сала кетейік, Коста-Рика құрамасы Әлем чемпионатында Швейцария, Бразилия және Сербия құрамаларымен Е тобында өнер көрсетеді.
