Назарбаев Ресейге әлем чемпионатында жеңіс тіледі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын табысты өткізуге тілектес екендігін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Келесі айдан Ресейде ғаламшардың ең басты спорттық сайыстарының бірі футболдан әлем біріншілігі басталатын болады. Ғаламшарлық ауқымдағы үлкен шара. Біз ресейлік тарапқа оны тамаша өткізуге, ал ресейлік футболшыларға жеңіс тілейміз», - деді Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.
«Ресейлік тарап қайталанбас мерекелік атмосфера қалыптастырып, осынау маңызды шараны ең жоғары деңгейде өткізеріне сенімдімін. Біз бұл шараға шақырыламыз деп үміттенеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге қарата.
Елбасының бұл сөзіне Ресей Президенті «Барлықтарыңыз да шақырылдыңыздар», - деп жауап берді.
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты 14 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтетін болады.