Милош Стаменкович: Осы маусымда көп ұпайдан айырылдық

Милош Стаменкович: Осы маусымда көп ұпайдан айырылдық

«Ертіс» ФК ойыншысы Милош Стаменкович қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойыннан кейін өз пікірмен бөлісті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Ағымдағы маусымда көп ұпайдан айырылдық. Сол себепті, қиын жағдайдан шығу үшін тек жеңіс керек болды. 90 минут бойы гол соғу үшін барымызды салдық. Ойында басымдылыққа ие болғанымен, өз сәттерімізді пайдалана алмадық. Қуанышқа орай, кездесу соңында қарсылас қателігі голға айналды. Үйге жақсы көңіл күйде ораламыз. 

Үш ойын бойы қорғаныста жақсы ойнауға тырыстық. Әйтсе де біздің қақпамызға гол соғылған еді. Бірнеше кездесуде қарсыластарымызда тек бір мүмкіндік болып, олар нәтиже шығара білді. Сондықтан осы жолы, гол өткізбегеніміз өте қуантады. Өз-өзімізге деген сенімділік арта түсті. 

Осыншама көп жанкүйерлер келеді деп күтпеген едім. Оларды көргеніме қуанышты болдым. Бізге үлкен қолдау көрсетті. Командамен киім ауыстыру бөлмесінде әңгімелесіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін жеңіске жету керектігін жақсы түсіндік. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или