Манчини Италия футбол құрамасын басқарады

Манчини Италия футбол құрамасын басқарады

«Зениттің»  бұрынғы бас бапкері Роберто Манчини жақын арада Италия құрамасын басқарады, деп хабарлайды Sky Sport Italia.

Сәйкесінше, 15 мамырда екі тараптың серіктістігі келісімшарты ресми түрде жарияланбақ. Бұрын хабарланғандай, Манчинидің өз жұмысына жылына 2 млн. еуро алатын келісімі екі жылға есептелген.

13 мамырда «Зенит» тараптардың өзара келісімімен Манчинимен келісімшартты бұзғаны туралы жариялаған болатын. Итальяндық маман көгілдір-ақ түстілерді  2017 жылдың жазынан бастап басқарады. Оның басшылығымен «Зенит» 44 ойында 21 рет жеңіске жетіп, 13 рет тең түсіп, 10 рет жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или