Сергей Малый: Мен үшін әр ойын командаға қажет екендігімді дәлелдейтін мүмкіндік

Сергей Малый: Мен үшін әр ойын командаға қажет екендігімді дәлелдейтін мүмкіндік

«Астана» Премьер-Лиганың 10-шы туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Ойынның қалай өрбігендігі туралы команда қорғаушысы Сергей Малый клубтың баспасөз қызметіне өз ойымен бөлісті: 

- Өтее қиын ойын болды. Себебі, кездесудің кейбір сәттерінде футбол емес, көп эмоцияға берілген сәттер орын алып жатты. Біз өзімізге берілген жүктемені орындап, маңызды жеңіске қол жеткіздік. 

- Сіз негізгі құрамда жиі алаңға шыға бермейсіз. Бұл жағдайда ойын ырғағын жоғалтып алмайсыз ба? 

- Біздің командада орталық қорғаныста өте жоғары бәсекелестік бар. Сондықтан әр ойын маған «Астана» сияқты командаға қажет екендігімді дәлелдейтін мүмкіндік. «Астана» сияқты командада, алаңға шығатын мүмкіндік көп бола бермейді. Сол себепті әр ойынға барынша тыңғылықты дайындалып, өзімді дәлелдеуге тырысамын. Ал кімнің негізгі құрамда алаңға шығатынын бас бапкер шешеді. Осы бір мүмкіндікті пайдалана отырып, кеше 12 мамыр күні 55 жасқа толған Виктор Балютович Кумыковты құттықтап, оған өз атымнан маған жасаған жақсылығы үшін ерекше алғыс білдіргім келеді. Виктор Балютовичке зор денсаулық және мансаптық жетістіктер тілеймін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или