Балотелли «Боруссияға» ауысуы мүмкін

Балотелли «Боруссияға» ауысуы мүмкін

«Ниццаның» шабуылшысы Марио Балотелли мансабын Германия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Футболшыға дортмундтық «Боруссия» қызығып отыр.

«Боруссия» басшылығы командаға бас бапкер Люсьен Фаврды алатын болса, италиялық форвардты да ұжымға қоспақ.

Балотеллидің өзі жақында Франциядан кететінін айтқан еді. Шабуылшы мен «Ницца» арасындағы келісімшарт осы маусымнан соң аяқталады.

Осы маусымда Марио Балотелли Франция чемпионатында 27 матч өткізіп, 18 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или