Владимир Муханов: Жамбыл Көкеев өз міндетін дұрыс атқара алмады

Владимир Муханов: Жамбыл Көкеев  өз міндетін дұрыс атқара алмады

«Ақ-қызылдардың» бас бапкері «Ақтөбе» - «Ақжайық» (5:3) матчын қорытындылады.

- Біз бүгінгі ойынға өте тыңғылықты дайындалдық. Турнирлік кестенің соңында қалып қойғымыз келмеді. Оған қоса, «Ақжайықтың» біріншілікті жақсы бастағанын білеміз. «Ордабасыны» жеңген. Сондықтан, ойынға аса жауапкершілікпен қарадық. Қарсылас көбіне артқы шепке тоғыз адамды қалдырып, қорғанысқа қарайлай ойнайды. Біз бұның бәрін білген едік. Біздің соққан бес голымызды да атап өтуге болады. Өте әдемі голдар болды. Допты бақылауда ұстадық. Шабуыл кезінде жылдам ойнай білдік. Екінші таймда қарымта шабуылдың арқасында екі гол соқтық... Содан кейін футболда жиі кездесетін фактор орын алды. Сөндіргішті басып қалғандай әсер болды. Команда тоқтап қалды. Қателікке бой алдырып жаттық. Бүгін әдемі голдар соғып, соның әсерінен босаңсып кеткен болармыз. Рейналдоны айтып өтуім керек, біз ол үшін қуаныштымыз. Ол бүгін бастапқы құрамда шығып, дубль авторы атанды. Оның әрі қарай сенімді ойнауы үшін бұл маңызды. Бірақ, үш гол жіберіп қойғанымызды сараптап, талдайтын боламыз. Сөзсіз, бұлай ойнауға болмайды.

- Бүгін екі тайм бір-біріне ұқсамады, алдыңғы ойындар да осылай өрбіді. Бірінші таймда бәрі жақсы болды, үш гол соқтық. Иә, екінші таймда екі гол соқтық, бірақ уақыт өте келе басымдықты қарсыласқа беріп қойдық. Соның кесірінен үш гол соғылды. Бұның себебі неде? Қандай өзгерістер болады?

- Менің ойымша, команда әлі шикі. Бұл көрініп тұр. Команданың бұрынғыдай соңғы минутқа дейін ойнауы қиынға соғуда. Қазіргі уақытта орталық шепте мәселелер бар. Жігіттерге үзіліс кезінде дәл осылай ойнай берулерін айтқан болатынбыз. Оға қоса жас қақпашы ойнады. Осының бәрі әсер етеді. Қарсылас та қарқын қосты. Біздің қорғаушыларымызды қайта-қайта мазалаумен болды. Ірі есеппен жеңіп тұрғанда сондай ойлар болады, әй, қойш, тебе салармын, лақтыра салармын дегендей... Сөздің қысқасы, біздің жұмысымыз бастан асады. Бір жағадан бас шығаратын ұжымға қашан айналатынымызды нақты айта алмаймын. Қарсыластан үнемі басым ойнауға біз әлі дайын емеспіз.

- Бірінші таймда Қайыров пен Валиуллин қос қапталда жақсы ойнады. Шабуылға да жиі араласты. Бірақ екінші олардың шаршап қалғандығы көрінді. Екі гол Валиуллиннің аймағынан кірді. Оларды неге алмастырмадыңыз? Тірек аймақта ойыншыны алмастыруға неге асықпадыңыз?

- Тірек аймаққа келер болсақ, гол жібергеннен кейін бірден тірек аймаққа жаңа ойыншыны қосқанымызды сіз байқамаған боларсыз. Алаңға Көкеев шықты, ал Пиззелли екінші шабуылшыны ойнады. Демек, біз біз бірден дұрыс жауап қаттық. Үшінші голдан соң Миличевичті шығардық. Валиуллиннің шаршап қалғанын көрдік. Бұл Русланның көптен бері ойнамағандығынан. Көкеевті тірек аймаққа үшінші хавбек қылып шығардық. Алайда ол өз міндетін дұрыс атқара алмады. Миличевичті қосып, Валиуллинді күшейту керек болды. Біз дұрыс жасадық деп ойлаймын, реакция дұрыс болды деп ойлаймын. Ойыншылар тапсырманы дұрыс орындай алмады. Сөйтсе де, мен біреуді кінәламас едім. Гол жібергендері үшін толықтай команда кінәлі. Жеңдік, болды деп ойласа керек. Сол үшін сазайларын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или