«Ақжайықтың» бас бапкері «Ақтөбеге» 5:0 кезінде қалай ойнау керегін айтты
Оралдық команданың бас бапкері «Ақтөбе» - «Ақжайық» (5:3) матчынан кейін ойын туралы пікірін айтты.

- Футбол жайлы айтар болсақ, көрерменге ұнады деген ойдамын. Бүгін «ашық есік күні» болды – «Ақжайық» қорғанысы 5 гол жібергенге дейін, «Ақтөбе» қорғанысы 5 гол соққаннан кейін ашық-шашық күйде болды. Егер мен басымды көтеріп жүргім келсе, әрі қарай дамығымыз келсе, онда менің қызметімде қалу-қалмау жайлы әңгіме көтеретін боламын. Мүмкін мен қырыққа келген шағымда көп нәрсені түсіне алмайтын шығармын, бірақ өз жұмысына дәл осылай селқос қарауға болмайды. Иә, 0:5 есебімен жеңіліп жатып, үш доп соға білгендері үшін жігіттерге рақмет айтуға болады. Бірақ команда бапкерін естімей жатса, онда басшылыққа қызметімді тоқтату туралы талап қылатын боламын. Жуырда басшылықпен кездеспекпін. Бүгінгі ойынды футбол деп айтуға келмейді. Бүгін комедия болды. Біздің де, «Ақтөбенің» де ойыны комедияға келеді. Бүгін біздің қорғаныстағы ойынымыз Премьер-лиганың ойынына келмейді. Қарсыластың да үш гол жіберіп алуы – кешірілмес қателік. 5:0 жеңіп тұрып, допты байыппен ұста, бақылауда ұста, шабуылды аяғына дейін жеткіз, қарсыласты қарымта шабуыл арқылы тұсап ұста...