«Қайрат» алғашқы жеңілісіне ұшырады

«Қайрат» алғашқы жеңілісіне ұшырады

Қазақстан Премьер лигасы оныншы турының орталық ойыны Қостанайда өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдаған «Тобыл» командасы ойын соңына қарай жеңісті жұлып әкетті.
Бүгін кездескен екі команда да өткен турда жеңіске жеткен болатын. «Қайрат» Алматыда «Ордабасыны» жеңсе, қостанайлықтар сырт алаңда «Ертістен» басым түскен еді. 

Ел чемпионатында әлі жеңіліске ұшырамаған жалғыз команда «Қайраттың» бүгін жолы болмады. Матч бойы басымдылықты өз қолына алып шабуылдағанымен алаң иелерінің әлсіз тұсын таба алмады. Үш ұпай үшін шабуылдап жүріп өз қақпаларына гол жіберіп алып, жеңіліске ұшырады.

Кездесудің 88-ші минутында «Қайрат» ойыншылары орындаған бұрыштамадан кейін қарымта шабуылға шыққан қостанайлықтар есеп ашып кетті. Голды соққан Таңат Нөсербаев. Бұл Таңаттың «Тобылға» сыйлаған алғашқы жеңісі емес. Премьер лиганың 3-ші турында «Қызылжарға» қарсы ойында да Нөсербаев ойын соңында жеңіс голын соққан еді. 

Қазақстан Премьер лигасы. 10-шы тур
«Тобыл» - «Қайрат» 1:0 (0:0)

Гол соққан: Нөсербаев Таңат '88

«Тобыл»: Непогодов (Қ), Кассай, Шиков, Мирошниченко, Дмитренко, Дарабаев, Нұрғалиев, Тұрысбек, Канкава, Жулпа, Федин.

«Қайрат»: Покатилов (Қ), Лунин, Бато, Элек, Сүйімбаев, Хуан Фелипе, Қуат, Исаэль, Исламхан, Иличевич, Сильвейра

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или