Диего Коста Испания құрамасына шақырылды

«Ателтико» клубының шабуылшысы Диего Коста Испания құрамасының намысын қорғауға шақырту алды. Бұл туралы goal.com сайты хабарлады.

«Роха фурияның» бапкері Дель Боске шығу тегі бразилиялық футболшыны ұлттық құрамаға шақыруды жөн деп тауыпты. Бұған дейін Диего Костаның айналысында әжептеуір әңгіме болған. Футболшының өзі Испанияның намысын қорғағысы келетіні жасырмады. Әйтсе де, Коста бір мәрте Бразилия сапында жолдастық кездесуге қатысқан еді. Осы мәселеге байланысты ФИФА-ның шешімі шығып, Диего Костаның пиренейліктер намысын қорғауына рұқсат берілді.

Испания құрамасы 16 және 19 қарашада Экваторлық Гвинея мен ОАР-мен жолдастық кездесу өткізеді. Диего Коста сол кездесуде алаңға шығуы ықтимал.

Қақпашы – Икер Касильяс, Виктор Вальдес, Пепе Рейна;

Қорғаушы – Альваро Арбелоа, Серхио Рамос, Рауль Альбиоль, Альберто Морено, Иньиго Мартинес, Начо Монреаль;

Жартылай қорғаушы – Серхио Бускетс, Хави Мартинес, Хаби Алонсо, Коке, Андрес Иньеста, Сеск Фабрегас, Санти Касорла, Хесус Навас, Хуан Мата, Хуанфран;

Шабуылшы – Давид Вилья, Диего Коста, Альваро Негредо, Педро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или