Гризманн «Барселонаға» ауысқысы келетінін жарты жыл бұрын айтқан
«Атлетиконың» франциялық шабуылшысы Антуан Гризманн мансабын «Барселонада» жалғастырғысы келетінін мадридтік клубтың бапкері Диего Симеонеге 2017 жылдың желтоқсанында айтып қойған. Бұл туралы AS хабарлайды.
Аргентиналық маман футболшыға ойын ашық айтқаны үшін алғыс білдіріп, оған қолдау көрсетуге уәде берді.
Футболшылар мен клуб басшылығы Гризманның шешімінен хабардар және оны алмастыратын ойыншыны іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, «Барселона» Гризманды 100 миллион еуроға сатып алмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или