Дани Алвес әлем чемпионатынан тыс қалды

Дани Алвес әлем чемпионатынан тыс қалды

ПСЖ мен Бразилия құрамасының қорғаушысы Дани Алвес биыл Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Алвес Франция кубогының финалында тізесін жарақаттап алған болатын.

FOX Sports ақпаратына сүйенсек, бразилиялық қорғаушы әлем чемпионатына дейін айығып үлгермейді.

Айта кетейік, Дани Алвес Бразилия құрамасымен бірге Америка кубогы мен Конфедерация кубогын жеңіп алған болатын.

Биыл жазда Ресейдегі әлем чемпионатына бара алмайтын футбол жұлдыздары қатарында Алвестен бөлек, ресейлік Александр Кокорин, франциялық Лоран Косьельни, англиялық Алекс Окслейд-Чемберлен бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или